Педагогикалық шеберлік орталығы

Біздің топ

Кенжебаев Айбек Егеубекұлы

Білімі:

Жоғары: 1998-2002 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті
2009-2011 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Мамандығы: Ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімі
Квалификация: Ағылшын және орыс тілі
Ғылыми дәрежесі: жоқ
Жалпы өтілі: 15 жыл
Ғылыми-педагогикалық өтілі: 11 жыл
Біліктілігі: Педагог, деңгейлі бағдарламалар бойынша және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тренер

Ғылыми-практиалық қызығушылығы:

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Бағдарламалары және Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі пәні және басқа мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету және критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсету, облыс мектептерінің мұғалімдеріне қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану бойынша іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуде қолдау көрсету.

Ғылыми-практикалық тәжірибесі:

  • 2003-2004 ж.ж. Жаңатілеу орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
  • 2005-2007 ж.ж. Қызылорақ орта мектебінің директоры.
  • 08.07.2014 жылдан қазірге дейін Талдықорған қ. ПШО филиалында қайтарымды қызмет көрсету келісімшарты бойынша жұмыс жасайды.

Кәсіби білім мен дағдысы:

  • коучинг және тәлімгерлік жүргізу дағдылары
  • критериалды бағалау жүйесі бойынша коучинг-сабақтары және оқыту семинарларын өткізе алу
  • ересектерді оқыту дағдылары, офистік (Міcrosoft Office Word, Excel, PowerPoint және т.б.), бағдарламалары, 
  • Интерактивтік тақта бағдарламалары, ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде аударма жасау дағдылары.

Кәсіби білімін көтеру туралы мәліметтер:

Қазақстан республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілгін арттыру Бағдарламалары бойынша сертификатталған тренер, Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Жаһандық перспективалар және жоба жұмысы», «Ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау», жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру курстары бойынша сертификатталған тренер.

Марапаттары:

Ағылшын тілін қолдану бойынша аудандық, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы.

Жарияланымдар:

  • «Сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыру стратегиялары» әдістемелік ұсынымдары
  •  «Қалыптастырушы бағалау арқылы өздігінен реттелетін оқуды дамыту жолдары» әдістемелік нұсқаулығы
  • «Сабақты тиімді басқару», «Мұғалімнің көшбасшылығын арттыру» мақалалары
  • Білім шапағаты Республикалық апталық газеті.



Тренеры филиала


Кейін