Педагогикалық шеберлік орталығы

Біздің топ

Толықбаева Ғалия Нұрбопақызы

Білімі:

Өскемен педагогикалық институты, филология факультеті. Алматы үздіксіз білім беру университеті, филология факультеті.
Мамандығы: «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі».
Жалпы еңбек өтілі: 29 жыл.
Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі: 17 жыл.
Квалификациясы: тренер

Ғылыми-тәжірибелік қызығушылығы:

• Талантты және дарынды балаларды оқыту әдістемесі.
• Кітап оқудың сапасын арттыру жолдары. Кітап оқу не береді?
• «Skype мүмкіндіктерін қолдану арқылы мектеп директорларының курстан кейінгі қолдауын жақсартуға бола ма?» тақырыбындағы іс-әрекеттегі зерттеу.
Ғылыми-практикалық әрекетінің тәжірибесі:
• Алматы облысы, Қаскелең қаласы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары-2001-2006 жж.
• Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың «Оқытудың мазмұны және әдістері» кафедрасында аға оқытушы -2006-2009 жж.
• Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында аға оқытушы -2010-2013 жж.
• Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері-2013 жылдан бері.
• Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда: «ҚР педагогикалық қызметкерлерінің деңгейлік біліктілік арттыру бағдарламасының шеберіндегі Action Research» (Секция1-1) тақырыбында жасалған баяндама-2013 ж.
• Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тамыз конференциясында:«Басқарудағы бөлінген көшбасшылық» тақырыбындағы тренинг- 2015 ж., Астана қаласы.

Кәсіби дағдылары:

• Командада жұмыс істеу дағдысы.
• Табысты адамдардың мысалында үйрену дағдысы.
• Тайм-менеджмент.
• Өзін-өзі ұйымдастыру және уәждеу.
• Кітап оқу дағдысы.

Біліктілігін арттыру және (немесе) кәсіби қайта даярлаудан өтуі туралы ақпарат:

• «Ұлыбританиядағы электронды оқыту: бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы курс (Лингвистикалық институт, Норидж қаласы)-2011 ж.
• «Электронды оқыту жүйесінің сандық контентін құрастыру» тақырыбындағы тренинг -2012 ж. (Adobe Systems Incorporated, Ресей).
• «Миға шабуыл» тақырыбында өткен шеберлік-сынып- 2012 ж. (CATS COLLEGE, Алматы )
• Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлі бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үшінші (базалық), екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы-2012-2013 жж.
• Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді дайындау курсы- 2013 ж.,Астана қаласы.
• «Болашақ мектепті қалыптастыру: табысты басқару мен оқытуда инновациялармен тәжірибе алмастыру» тақырыбындағы семинар-2014 ж., Лондон қаласы.
• Орта білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты:«Ғаламдық перспектива және жобалау іс-әрекеті» тақырыбындағы курс-2015 ж.,Астана қаласы.
• Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы мектеп директорының орынбасарының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы-2015 ж., Астана қаласы.
• Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы мектеп директорының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы-2015 ж., Астана қаласы.
• ICBT Халықаралық бизнес-тренерлердің мектебінің 2-модульін аяқтағандығы туралы курс- 2015ж., «Харизма» орталығы, Астана қаласы.
• «Тренердің кәсіби дамуы» тақырыбындағы семинар-2016 ж.,(Cambridge Faculty of Education Expert).
• «Эмоционалды зият. Нейрографика» тақырыбындағы семинар-тренинг-2016 ж., Астана қаласы.

Марапаттары мен жетістіктері:

• ҚР Білім беру ісінің үздігі-1997 ж.
• Білім және ғылым министрлігінің Мақтау грамотасы-1998 ж.
• Республикалық панорамалық сабақтар байқауының III дәрежедегі дипломы-1998 ж., Алматы қаласы.
• Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының Мақтау грамотасы-1998-1999 жж.
• Республикалық «Жыл мұғалімі-2005» байқауының «Әдіскер мұғалім» номинация иегері-2005 ж., Астана қаласы.
• Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының Мақтау грамотасы-2009 ж.,Алматы қаласы.
• «Жүрегін балаларға арнаған... Білім беру саласының үздік қызметкерлері »-2010 ж., «Ғылым» баспасы, Алматы қаласы.
• Алматы облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ассоциациясының Мақтау грамотасы-2011 ж.,Алматы қаласы.
• «Білім беру жүйесін информатизациялау» тақырыбында өткен 5-ші Халықаралық форумда шеберлік-сынып жүргізгені үшін берілген Диплом-2013 ж.,Астана қаласы.
• Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хаты 2014ж.,Астана қаласы.
• V Республикалық семинарға қатысқандығы туралы сертификат-2015 ж.,Астана қаласы.

• Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хаты 2016ж.,Астана қаласы.
Басылымдар:
• «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ және орыс сыныптарында» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Lesson Study арқылы сабақты жетілдіру» тақырыбында жарияланған мақала- 2014 ж., №6., Алматы қаласы.
• Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жинағында : «LESSON STUDY арқылы сабақ беруді жетілдіру» тақырыбындағы жарияланған мақала., Б.Асубаев, Ғ.Толықбаева 2014 ж., Астана қаласы.
• «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ және орыс сыныптарында» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Дарынды балаларға арналған деңгейлік тапсырмалар» тақырыбында жарияланған мақала- 2015 ж., №2., Алматы қаласы.
• VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда: «Мұғалімдердің рефлексия жасау дағдылары арқылы кәсіби тәжірибесін арттыру», Ғ. Толықбаева, Қ.Қалдарова, 2016 ж., Астана қаласы.
• ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан мектебі» журналындағы «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбында жарияланған мақала-2016 ж., Г.Асанова, Ғ.Толықбаева.

Оқу-әдістемелік құралдар:

• Оқу орыс тілінде жүретін мектептегі қазақ тілі пәнінен 5,10-сыныпқа арналған дидактикалық материалдар- 2004 ж.- «Атамұра», Алматы қаласы (Ж.Д.Адамбаева және С. Е.Баймухановамен бірлесіп жазылған оқу құралы).
• «Информатика пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарлары»-2005 ж., қазақ және орыс тілдерінде, АОМКДИ. (В.В. Дьяченкомен бірлесіп жазылған оқу құралы).
• «Қашықтықтан оқыту- білімді болашаққа батыл қадам»-2010 ж., (С.Т.Мухамбетжановамен бірлесіп жазылған оқу құралы)
• «АКТ ны қолдану арқылы педагогтердің құзырлығын арттыруда портфолио қалыптастыру»-2011 ж., (С.Т. Мухамбетжанова, Ж.А.Жартыновамен бірлесіп әзірленген әдістемелік құрал).
• «Электронды оқытуды мониторинг арқылы зерттеу»-2011 ж.,- Алматы қаласы. (С.Т.Мухамбетжанова, М.Т.Белденбаевамен бірлесіп әзірленген әдістемелік құрал).
• «Электронды оқыту жүйесінің администраторлары мен қолданушыларының біліктілігін арттырудың модульдік бағдарламасы»-2012 ж.,- (С.Т. Мухамбетжанова, Ж.А.Жартыновамен бірлесіп әзірленген бағдарлама).
• «Жобалау жұмысы: Қалай? Неліктен? Не үшін?»-2016 ж. (Қ.Калдаровамен бірлесіп әзірлеген құрал) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ПШО ДББҰ Астана қаласы.



Тренеры филиала


Кейін