Педагогикалық шеберлік орталығы

Біздің топ

Қалдарова Қарлығаш Исақызы

Білімі:

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1994 ж.).

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститеті, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура (2014 ж.).

 Мамандығы: орыс тілі және әдебиеті
Жалпы өтілі: 23 жыл

Ғылыми-педагогикалық өтілі: 23 жыл

Біліктілігі: орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Академиялық дәрежесі: педагогикалық ғылымдарының магистрі.             

Ғылыми-тәжірибелік қызығушылығы:

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары тыңдаушыларының рефлексиялық дағдыларын дамыту бойынша зерттеу жұмысы.

 Ғылыми-тәжірибелік іс-әрекеті:

ПШО-ның Алматы қаласындағы филиалында – аға менеджер, 2013 жылдан бастап.
 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тамыз конференциясы аясында «Бөлінген көшбасшылық» тақырыбында тренинг жүргізу, 2015 ж.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсының тренері, Астана қаласы, 2016 ж.
«Рефлексиялық дағдылар арқылы мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін дамыту» тақырыбымен «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеу, Астана қаласы,  2016 ж.

Кәсіби дағдылары:

Өзін-өзі жетілдіру қабілеті
Ұйымдастырушылық қабілеті
Кәсіби сөйлеу мәдениеті
Рефлексиялық дағдылары

Біліктілігін артыру және (немесе) кәсіби дайындығы бойынша мәліметтер:

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үшінші (базалық) және екінші (негізгі) деңгейлер бағдарламалары бойынша тренерлерді оқыту курстары, Астана қаласы, 2012 ж.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы, Астана қаласы, 2013 ж. «Formation of School of the Future» тақырыбы бойынша тренерлерді оқыту семинары, Лондон қаласы, Ұлыбритания, 2014 ж.
«Тренинг сценарийі. Тренингтегі коучингтік тәсіл» тақырыбында семинар, ICBT Халықаралық бизнес-тренерлер мектебі, «Харизма» орталығы, Астана қаласы, 2015 ж.
«Ғаламдық перспективалар және жоба жұмысы» пәні бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы, Астана қаласы, 2015 ж.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мониторингіні ұйымдастыратын мамандардың біліктілігін арттыру курсы, Астана қаласы, 2015 ж.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы, Астана қаласы, 2016 ж.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы, Астана қаласы, 2016 ж. «Тренерлерді кәсіби дамыту» семинары, Астана қаласы, 2016 ж.
«Эмоциялық зият. Нейрографика» семинары, Астана қаласы, 2017 ж.            

Марапаттары мен жетістіктері:

ПШО-ның құрмет грамотасы, Астана қаласы, 2016 ж.

Басылымдары:

«Сущностная характеристика исследовательской компетентности педагога».  X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, София қаласы, Болгария, 2014 ж. 

Оқу-әдістемелік құралдар және ұсыныстар:

«Жоба жұмысы: Не? Неге? Не үшін?» әдістемелік құралы, 2016 ж. 



Тренеры филиала


Кейін