Педагогикалық шеберлік орталығы

Біздің топ

Алимов Асхат Қамзаұлы

Білімі:

І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институты, 1981 ж.

  Біліктілігі: Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орыс және шетел әдебиеті кафедрасының аспирантурасы 10.01.02 «Қазіргі қазақ әдебиеті» және 10.01.07 «Әдебиет теориясы» мамандықтары бойынша, 1989-92 жж. доцент

Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: доцент
Жалпы өтілі: 37 жыл
Ғылыми-педагогикалық өтілі: 36 жыл
Ғылыми-практикалық бағыттары:
Оқытудың интербелсенді әдістері, сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту, қазақ әдебиетіндегі архетиптер теориясы, қазақ ұлттық мінезі мен менталитетінің ерекшеліктері, Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық.

Ғылыми-практикалық жұмыс тәжірибесі:

1981-1983 жж. – Панфилов ауданы Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мұғалімі;
1983-84 жж. – Жамбыл ауданы Қарғалы №2 орта мектеп мұғалімі;
1984 - 2003 жж. – І.Жансүгіров атындағы Талдықорған
педагогикалық институты (кейінірек Жетысу мемлекеттік университеті): оқытушы, аға оқытушы, доцент, филология факультетінің деканы;
2003 – 2009 жж. – Академик Ө.Жолдасбеков атындағы институт (кейіннен Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы) - оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, ректор, профессор;
2009 -2013 жж. - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті магистратура және РhD докторантура институты психологиялық-педагогикалық мамандықтар кафедрасының доценті;
2013 ж. «Назарбаев зияткерлік мектептер» ББДҰ-ның «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Алматы филиалының аға менеджері.

Кәсіби дағдылары мен біліктері:

Тренингтерді өткізу әдістемесі мен тәжірибесі бар.
Біліктілікті көтеру мен (немесе) кәсіби қайта дайындық туралы деректер:
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы аясындағы тренерлерді оқыту курстары (2013).
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы аясындағы тренерлерді оқыту курстары (2013).
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мекеме басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасының оқыту курстары (256 сағат) (2013).
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы (40 сағат) (2015).
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы (40 сағат) (2015).
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мониторинг ұйымдастыратын мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы (40 сағат) (2015).

Марапаттары мен жетістіктері:

Педагогикалық шеберлік орталығының жұмысы мен дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ПШО-ның Құрмет грамотасы (2015).
Медаль «Астана. 10 жыл», 2008.
«Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері», 2008.

Жарияланымдары:

70-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар: оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдардағы мақалалар. Олардың ішінде елеулілері:
Оқу-әдістемелік құралдар:
•Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. - Алматы, 2009. – 328 б.
•Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. - Алматы, 2013. – 448 б.
•Әлімов А. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. - Алматы, 2015. – 186 б.



Тренеры филиала


Кейін