Педагогикалық шеберлік орталығы

Біздің топ

Тоқтағанова Ақбота Сағындыққызы

1996 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Орта мектеп мұғалімі, білім жетілдіру институтында оқытушы, білім басқармасында бас маман болып қызмет атқарды. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап Тараз қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалына аға менеджер болып қабылданды. Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлі бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курстарынан өтті. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Оқыту тілі: қазақ.



Тренеры филиала


Кейін