Педагогикалық шеберлік орталығы

15 апреля 2017 года в г. Астана был проведен семинар-практикум «Новые подходы в обучении и оценивании: от теории к практике»

Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері 2017 жылғы 15 сәуірде «Оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер: теориядан тәжірибеге» семинар-практикумын өткізді.

Семинар Астана қаласындағы 12 жетекші мектеп саналатын №№ 2, 4, 15, 16, 17, 22, 28, 38, 40, 69, 73, 84 мектеп базаларында өтті. Оның жұмысына қала мектептерінің 850-ден астам педагогі, сондай-ақ Астана қ. Білім басқармасының мамандары мен әдіскерлері қатысты.

Семинар-практикумның бірінші бөлімі оn-line режимінде өтті. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған білім беру семинарлары мен шеберлік сабақтары аясында біліктілікті арттыру курстарында оқыған бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар мұғалімдер ағымдағы оқу жылының наурыз-сәуір айларында Астана қаласындағы мұғалімдермен түрлі кездесулер барысында туындаған критериалды бағалау жүйесін енгізу жөніндегі мәселелер бойынша Педагогикалық өлшеулер орталығы тарапынан тиісті жауаптар алды.

Семинар-практикумның екінші бөлімінде Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің барлық мұғалімдері 144 сабаққа қатысты. Барлық сабақтарды 12 Жетекші мектептің 1-сынып педагогтері өткізді. Сабақтағы оқу үдерісі бірінші сыныптағы оқушылардың білімі мен дағдыларын дамытуға ықпал ететін небір түрлі тәсілдерімен және әдістерімен ерекшеленді. Мұғалімдер қалыптастырушы бағалауды түрлі стратегияларын қолдануды айырықша көрсете білді.

Семинар-практикумның қорытынды бөлімінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған «Сабақты тиімді жоспарлау» тренингін өткізді. Тренингке қатысушылар топтық жұмыс үдерісінде жоспарлаудың түрлі моделдерімен танысты, сабақты қадағалаудың, кері байланыс пен тиімді оқытудың қағидаттары мен критерийлерін әзірлеп, өңдей білді.


Возврат к списку