Педагогикалық шеберлік орталығы

Актуальные навыки для методистов при наблюдении урока

2017 жылдың 01 наурызында Астана қаласының №58 мектеп-гимназиясының базасында Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Идришева Зухра және Байгаринова Жанна «Тиімді сабақ. Сабақты бақылау және талдау. Кері байланыс» тақырыбында Білім басқармасының әдіскерлеріне семинар өткізді.

Семинарға қатысушылар қазіргі жағдайдағы оқу үдерісін талқылап, тиімді сабақтың критерийлерін әзірледі, сабақтың мақсаты мен нәтижелерін, формалары мен әдістерін, «5Е», «М.Хантердің 7 қадам моделі», «Гагни бойынша оқытудың 9 іс-шарасы» сияқты жоспарлаудың тәсілдерін қарастырды. Еркеше қызықтырған мәселе Қазақстан Респбуликасындағы жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес сабақтағы бағалау тақырыбы болды. Әдіскерлер критериалды бағалаудың құрылымы және тетігі, критерийлер және дескрипторлар, формативті бағалаудың әдістері бойынша түсіндіруді қажет ететін сұрақтарды қойды.

Басқарма қызметкерлерінің сабақтан кейін мұғалімге кері байланыс ұсынуды үлгілеу бойынша орындалған жаттығуы мұғалімдердің сабақтарын бақылаудың қағидаттарын талқылап, әзірлеуіне ықпал етті. Мұғаліммен жағымды қарым-қатынас орнату, уақытты және кеңістікті ұйымдастыру, мұғалімге әдістемелік қолдау көрсетуге және оны кәсіби тұрғыдан дамытуға бағытталған сындарлы «алға жылжытатын» сұрақтардың болуын ескерді. Сонымен қатар әдіскерлер әр түрлі бағыттар бойынша оқытудың тиімділігін бағалау критерийлерін қамтитын бақылау формасын қолданудың функционалдылығын ерекше атап өтті.

Семинарды қорытындылау кезінде әдіскерлер білім берудегі қазіргі заманғы үрдістерге және бірлесіп әзірленгени критерийлерге сәйкес сабақтарды бақылау жабдықтарын әзірлейтіндерін атап өтті. Ресурстар ретінде «8 фотосурет әдісі», «Жоспарлау», «Оқыту», «Бағалау», «Құндылықтар» блоктары бойынша сабақты бақылау әдісі және басқа да әдістер ұсынылды.

Семинарға  қатысушылар олардың кәсіби дамуындағы бұл іс-шараның пайдасы мен маңыздылығын атап өтіп, оны жүйелі түрде өткізіп тұру туралы тілектерін білдірді.


Возврат к списку