Педагогикалық шеберлік орталығы

Итоги встречи организованной филиалом ЦПМ совместно с сертифицированными тренерами курсов повышения квалификации педагогических кадров основной школы

Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласындағы филиалында 2017 жылдың наурыз айының 31-ші жұлдызында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жаңартылған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру мекемелерінің «Негізгі мектеп» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы сертификатталған тренерлерімен Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы директоры Калғынбаева Жанар Сәкімбекқызы және орталық менеджерлері тарапынан болашақ тренерлерді қолдау, нормативтік құжаттарды нақтылау, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында курс алды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Болашақ тренерлерге оқушылармен жұмыс жасауға қарағанда, ұстаздармен, өз саласының үздіктерімен жұмыс жүргізу әлдеқайда күрделі екендігін ескеру керектігі, тренерге қажетті дағдыларды меңгеріп, әр пән бойынша жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігін, «Критериалды бағалау» жүйесін, тілдік дағдыларға негізделген шиыршық тәріздес білім беру бағдарламасына сай тиісті тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, тыңдаушыларға іс жүзінде тәжірибелерінде қолдана алуға үйрету керектігі туралы керекті кеңестер берілді. Курс мұғалімдердің демалыс уақытында ұйымдастырылады, сонымен қатар жазғы маусымға тура келгендіктен, оның да өз қиындықтарының бар екендігін, түрлі кедергілерді жеңе отырып, тыңдаушылардан алынатын құжаттар тізімін, түрлі мәліметтерді ортақ базаға уақытылы тіркеу керектігі жөнінде біршама кеңестер берілді. Сонымен қатар алынған ақпараттардың шынайылығына, жауапкершілік алатындығы жөнінде де ескертілді.

Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Сыздықбаева Роза Гайдарқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы жұмыс барысында пайдалы болатын кеңестерін беріп өтті. Тыңдаушылар туралы толыққанды ақпаратты порталға ендіру барысында нені ескеру керектігі жөнінде шеберлік орталықтың аға менеджері Қадыров Дильмурат Бахадырұлы тарапынан қажетті ақпараттар берілді.

Болашақ тренерлер бірнеше маңызды сұрақтар қойып, Жанар Сәкімбекқызы тарапынан курсты жүргізу бойынша қалай тиімді етіп ұйымдастыруға болатыны жөнінде пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар, филиал директоры алдағы уақытта ПШО тренері Нұржаутов Сәкен Дәуітбекұлының болашақ тренерлерге бүгінгі өзекті тақырыптардың бірі «Критериалды бағалау» жүйесін таныстыру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастыратынын айтып өтті. Курс барысында кәсіби қолдау жасалып, тәжірибелі тренерлер тарапынан қажетті жан-жақты көмек көрсетілетіндігі айтылды.


Возврат к списку