Педагогикалық шеберлік орталығы

Круглый стол на тему «Эффективность обратной связи в формативном оценивании»

2017 жылдың 31-наурызында Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалы және физика-математика, химия-биология  бағыттарындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесе отырып, «Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі»  тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Оқу жылы барысында пилоттық сыныптарды бақылау нәтижесі арқылы дөңгелек үстелдің тақырыбы анықталды. Дөңгелек үстелге Түркістан қаласындағы №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы, Созақ ауданындағы «Созақ» мектеп- гимназиясы пилоттық мектептердің 2-ші сыныпқа сабақ беретін  42 мұғалімі және ФМБ, ХББ НЗМ-нен 8 мұғалім қатысты. Дөңгелек үстел жаңартылған білім беру  мазмұнын оқыту үдерісіне ендіруде пилоттық жобамен жұмыс жасап отырған мектеп  мұғалімдеріне қалыптастырушы бағалаудағы кері байланысты тиімді қолдану мақсатында ұйымдастырылды. Мұнда пилоттық мектептердегі мұғалімдердің оқушыларға қалыптастырушы бағалаудағы  кері байланысты беру мәселелері талқыланды. 

  Жұмыс екі секцияда жүргізілді: 

  1. Бастауыш сыныптың оқыту және оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалаудағы тиімді кері байланыс беруде кездесетін қиындықтар; «Өнер», «Музыка», «Технология», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша жаңа  оқыту әдістерімен таныстыру.
  2. Тілдік пәндерін оқытудағы қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану.

Бастауыш сынып секциясында физика - математика бағытындағы мұғалімдер Көркем еңбек пен Музыка пәндерін кіріктіріп оқыту әдістерін көрсетті. «Саяхат» бөлімінде осы екі пәнді кіріктіруде мультисенсорлық оқытудың ұтымды жолдарын көрсетті. ПШО тренерлері мұғалімдерге оқыту үдерісінде қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс қалай беріліп жүргеніне рефлексия жасауға мүмкіндік берді. Тренерлер қатысушылармен практикалық тапсырмаларды орындату арқылы жазбаша кері байланыстың мүмкіндіктерін түсінуге жағдай жасады. Тілдік пәндер мұғалімдерінің секциясында  ПШО тренерлері мен ХББ НЗМ «жазылым және айтылым» дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларға кері байланыс беру бойынша жұмыстар жасады. Кері байланысты ауызша және жазбаша беруге бағытталған тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы кері байланыстың маңыздылығын түсінді. 

Жұмыстың соңында мұғалімдердің берген кері байланысы арқылы дөңгелек үстелдің тиімді және пайдалы болғаны анықталды.


Возврат к списку