Педагогикалық шеберлік орталығы

Секция республиканской августовской конференции «Человеческий капитал в условиях четвертой промышленной революции» в Павлодарской области

27 тамызда Павлодар қ. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында жалпы білім беретін мектептердің 6, 8-сынып мұғалімдеріне арналған білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің республикалық секциясы болып өтті. Аталған іс-шараға Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінен 625 мұғалімі қатысты.

Пленарлық мәжілісте Павлодар облысының Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ж.П. Қарамбаев сөз сөйледі. Одан ары Павлодар қ. «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры Р.Н. Жұмабаев «2018-2019 оқу жылындағы жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында баяндама жасады. «Павлодар облысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату нәтижелері» тақырыбындағы баяндаманы Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қ. филиалы директоры Н.С. Сарбасов таныстырды.

Аталған іс-шарада Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен ПШО филиалының тренерлері 6, 8 сынып мұғалімдеріне шеберлік сабақтарын өткізді. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде барлығы 34 шеберлік-сабағын өткізуге 44 мұғалім мен ПШО филиалының 3 тренері қатыстырылды. ПШО филиалының тәлімгер-тренерлері А.Р. Ибраева, И.И. Айдарханова және Б.Д.Нығметова «Тайм-менеджмент», «Рефлексивтік хат» және «Зерттеудің сапалық және сандық көрсеткіштерін қолдану» тақырыптарында оқыту семинар-практикумдарын өткізді. Секция жұмысының аясында критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне арналған диалог алаңы, сонымен қатар пән мұғалімдері үшін «Пәндерді ағылшын тілінде оқытуда CLIL әдісін пайдалану» секциясы ұйымдастырылды.

Секция жұмысы барысында Павлодар қ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған «Материалдарды жүктеу зонасы» жұмыс жасап, қатысушылар жаңартылған білім мазмұны бойынша ресурстарды алуына мүмкіндік жасалды. Әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шара жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру бойынша Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің 6, 8-сынып мұғалімдеріне қолдау көрсетуге бағытталды.


Возврат к списку