Педагогикалық шеберлік орталығы

«Человеческий капитал в условиях четвертой промышленной революции»

24 тамызда Павлодар қ. №25 орта мектепте бастауыш мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің аймақтық секциясы болып өтті. Аталған іс-шараға Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінен 360 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Пленарлық мәжілісте Павлодар облысының Білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы директорының орынбасары А.А.Қожахметова сөз сөйледі. Одан ары Баянауыл ауданының №1 Майқайың жалпы орта білім беретін мектебінің директоры С.С. Мажитова және Павлодар қ. №39 жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары М.Х. Тулькубекова «2018-2019 оқу жылындағы жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында баяндама жасады.

ПШО филиалының тәлімгер-тренерлері А.Р. Ибраева, И.И. Айдарханова және Б.Д.Нығметованың қолдау көрсетуімен пилоттық мектептердің мұғалімдері бастауыш сынып пәндерінің мазмұны мен критериалдық бағалау ерекшеліктері бойынша 19 шеберлік-сабағы мен формативті және суммативті бағалау мен саралап оқыту боцынша 4 оқыту семинарын өткізді. Секция жұмысының мақсаты білім мазмұнын жаңарту аясында 3-сыныптағы оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктеріне, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тиімді негізгі қағидаларын анықтауға бағытталған болды.

Секция жұмысы барысында Павлодар қ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған «Материалдарды жүктеу зонасы» жұмыс жасап, қатысушылар жаңартылған білім мазмұны бойынша ресурстарды алуына мүмкіндік жасалды. Әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шара жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру бойынша Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің 3-сынып мұғалімдеріне қолдау көрсетуге бағытталды.

 


Возврат к списку