Педагогикалық шеберлік орталығы

Оказана методическая поддержка учителям Тупкараганского района

Түпқараған ауданының мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілді 17-ші қазан күні Түпқараған ауданы Ж.Мыңбаев атындағы мектепте «Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау» тақырыбындағы аудандық семинар өткізілді. Бұл семинарға жетекші мектепке қолдау көрсету мақсатында Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері және жаңартылған білім беру мазмұнының іске асу үрдісімен танысу үшін ауданының 25 мектеп мұғалімдері қатысты. Семинар барысында мұғалімдер жаратылыстану және гуманитарлық бағытта сабақтарға қатысып, тәжірибе жинауға мүмкіндік болды. Семинар ұйымдастырушылар жаңартылған білім мазмұнына сай 1,2,5,7 сыныптардағы сабақтарда семинар бағдарламасында көрсетті. Барлық іс-шара барысында 8 сабақ және осы мектеп мұғалімдері Г.Байжан « Тарау бойынша жиынтық бағалау» және А.Абиева « Критерий арқылы бағалау» коучингтер өткізді. Семинар қорытындысын дөңгелек үстел түрінде Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері өткізді. Тренерлер іс-шараға, соның ішінде әр сабақ пен коучингке кері байланыс беріп, тиімді жақтары мен жақсартатын тұстарын белгіледі. Аудан мұғалімдерінің жаңартылған бағдарламаны іске асыруда пайда болған сұрақтарына жауап берілді. Ауданның білім үйлестіру орталығының ұсынысы бойынша семинарда үлгілі сабақ көрсеткен мұғалімдер марапатталды. Түпқараған ауданының мұғалімдері бұл іс-шараның пайдалы жақтарын айтып, өз тәжірибелерін жақсарту мақсатында мектепте ашық есіктер күнін ұйымдастыруға тілек білдірді.

Возврат к списку