Педагогикалық шеберлік орталығы

Региональный семинар «Обновление содержания образования: пути развития функциональной грамотности учащихся начальных классов»

2017 жылдың  25 наурызында Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесіп «Білім мазмұнын жаңарту: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында  аймақтық  семинар өткізді. Семинарға 40 тан астам облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, облыстық пилот мектептер мұғалімдері, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту  мәселерін енгізудегі өз тәжірибелерімен алмасты. Аймақтық  семинардың пленарлық отырысында Ж.Д. Джансугирова мен Д.А. Мунарбаеваның  мазмұнды баяндамалары қатысушылардың қөңілен шығып, ашық диалогға ұласты. PISA, TIMSS зерттеулерінің негізенде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту  мәселерін айқындай отырып, стратегиялық міндеттер қоя білді, енгізудегі жетістіктері мен қиындықтарын талқылауға бағытталған жұмыс болды. 

Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерімен, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдерінің және Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» пилот мектебімен Жалағаш ауданының №31 мектебінің көшбасшы-мұғалімдерінің командалық жұмыстары өңіріміздің мектеп мұғалімдеріне оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту  мәселерін шешудегі жаңа тәсілдерін енгізуде кәсіби қолдау ретінде қабылданды. Семинардың «Кәсіби білім мен дағдыны шыңдау» бөлімінде жоғарғы деңгейлі сұрақтар құрастыру, оқушылардың дивергентті ойлау дағдыларын қалыптастыруға оқыту тренингтері жүргізілді, сол  іс-шарада мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту  жетістіктері мен қиындықтарын талқылауға  және жаңа тәсілдерімен танысты. 

Семинардың үшінші бөлімінде қатысушыларға арналған кеңес беру платформасы ұйымдастырылып, мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту  мәселерін енгізудегі өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.


Возврат к списку