Педагогикалық шеберлік орталығы

Вебинар для учителей 1-ых классов «Опыт работы учителей пилотных школ Кызылординской области в рамках обновления содержания образования»

2017 жылдың 24 наурызында  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы меморандумға сәйкес Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы инновациялық мектептерінің  1-сынып мұғалімдеріне вебинар өткізді. 

Онлайн режимде 37 инновациялық мектептің 594 мұғаліміне әдістемелі

к қолдау көрсетілді. Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебі және Жалағаш ауданының №31 мектеп-гимназиясының мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізудегі тиімді тәжірибесімен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімі Күзембаева Ж.  жаратылыстану пәнін оқытудағы әдістемесімен бөлісті. 

Өз таныстырылымында зерттеушілік дағдыларды дамытудың әдіс-тәсілдері мен сабақ үдерісінде зерттеуді ұйымдастырудың тиімді тәсілдері туралы айтты. Вебинар қатысушыларын бастауыш сынып мұғалімі Ж.Жаханбаеваның оқу үдерісін жоспарлауда қалыптастырушы тапсырмаларды қолдану туралы тәжірибесі қызықтырды. Қатысушылардың белсенді диалогі критериалды бағалауды енгізудегі өзекті мәселелерді қарастыруға мүмкіндік берді. 

Ағылшын тілі мұғалімі Б. Жүсіпбекованың таныстырылымы ұстаздарды 1-сыныпта ағылшын тілі пәнін оқытуда ойын элементерін пайдалану тәсілдерімен таныстырды. Ағылшын тілін менгеруге ынталандыратын және 1-сынып оқушыларының қызығушылығын оятатын қызықты әрі әсерлі тапсырмалар тек тілдік пән мұғалімдерін    ғана емес, бастауыш сынып мұғалімдерін де қызықтырды. 

Вебинар облыс мұғалімдерінің пилоттық мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасудың онлайн алаңына айналды. Қатысушылар кері байланыстарында қарым-қатынас жасау мен аймақ мектептерін ауқымды қамтудың тиімді онлайн формасы екендігін атап көрсетті.


Возврат к списку