Педагогикалық шеберлік орталығы

Онлайн семинар «Проблемы и перспективы профессионального развития педагога в условиях инновационных процессов в школах»

DSC_0194.JPG2017 жылдың 5-сәуірінде Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қаласындағы филиалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе отрып «Мектептердегі инновациялық үдерістердің жағдайындағы педагогтардың кәсіби дамуының мәселелері мен перспективалары» атты он-лайн семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: мектептердегі инновациялық үдерістін жағдайындағы педагогтардың кәсіби дамуының мәселесі бойынша пікірлер мен тәжірибе алмасу. Семинарға Қостанай облысының білім беру Басқармасының мамандары, ҚМПИ-ң декандары мен әдістемелік қызметінің басшылары, оқытушылар мен студенттер, аудан және қала білім бөлімдерінің әдіскерлері және Қостанай обылысының тірек мектептерінің педагогтары, сонымен бірге облыстың 80 мектебінің педагогикалық ұжымдары қатысты. Он-лайн семинар барысында келесі бағыттар бойынша тақырыптар талқыланды:
  1. Педагогтың кәсіби дамуын әдістемелік қолдау;
  2. Қостанай облысының білім беру ұйымдарының жағдайы педагогтың кәсіби дамуының ресурсы ретінде;
  3. Кәсіби тәжірибені зерттеу (Lesson Study тәсілі) педагогтың кәсіби дамуының құралы ретінде;
  4. Педагогтардың кәсіби дамуын курстан кейінгі қолдау және болашақ педагогтарды «Мұғалімнің кәсіби бағдары» курсының негізгі идеяларын кіріктіруге даярлау.

Возврат к списку