Педагогикалық шеберлік орталығы

Онлайн – конференцию по теме «Научно-педагогическая поддержка учителей опорных школ в условиях обновления содержания среднего образования»

Онлайн – конференцию по теме «Научно-педагогическая поддержка учителей опорных школ в условиях обновления содержания среднего образования» 2016 жылдың 30 наурыз күні «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖҰ Қостанай қ. Филиалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен бірігіп «Орта білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында жетекші мектептер мұғалімдерін ғылыми-педагогикалық қолдау» тақырыбында онлайн – конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: орта білім берудің мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарын іске асыруда кәсіби дамудың деңгейін арттыру үшін жетекші мектептердің мұғалімдеріне консультациялық қолдау көрсету; жетекші мектептердің ұстаздарын орта білім берудегі инновациялық дамудың ғылыми тәсілдерімен таныстыру. Конференцияға облыстың 59 мектебі, сонымен қатар, «Қостанай қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы қатысты. Конференция барысында жетекші мектептердің үйлестірушілері келесі бағыттар бойынша өзінің жұмыс тәжірибесін ұсынды: өзіндік ынталандырушылық оқыту, оқушылардың стреске қарсы тұруы, дарынды балаларды психолого-педагогикалық сүйемелдеу, дифференциялық оқыту, көптілді оқыту. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары талқыланған мәселелерге ғылыми тұрғыдан сүйемелдеуді ұсынды және мұғалімдердің тәжірибесін тиімді жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді.

Возврат к списку