Педагогикалық шеберлік орталығы

Переподготовка по новым подходам в образовании

Жаңа оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптары орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша оқитын болады. Аталмыш бағдарламада оқушыны білім алып қана қоймайды, ол алған білімін өмірде қолдана алуға үйренеді, сонымен қатар өз бетімен қажетті ақпараттарды қосымша ресурс көздерін пайдалана отырып табады.

Қарағанды қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалында 2017 жылы орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы «Ағылшын тілі» пәні бойынша Қарағанды облысының 108 мектеп, гимназия және лицей мұғалімдері біліктілігін арттыруда. Оның ішінде 53 ағылшын тілі пәні мұғалімдері 21 шілдеде аяқтады.

Бір ай бойы мұғалімдер бағдарлама аясында қолданылатын оқулықтар мен  жаңаша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру жолдарымен танысты. Курс барысында сабақ беруші мұғалімнен зерттеуші мұғалімге бет алу көзделді. Тыңдаушылар тарапынан курстың негізгі мазмұнына, тәжірибеде қолданылуына жоғары баға беріліп отыр.

Білім саласындағы өзгерістер мен жаңа әдістер, қоғамның қарқынды дамуына әкеліп соғады, осыған орай мұғалімдер қауымынан икемділікті, өзін-өзі жетілдіруге дайындықты, кез келген өзгерістерге дайын болуды талап етеді.


Возврат к списку