Педагогикалық шеберлік орталығы

Вручение сертификатов международного образца

языковые курсы.jpgҚР Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасымен АОО НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік Орталығының Орал қаласындағы филиалы базасында 25 желтоқсан күні тілдер мектебі Консорциумымен бірлескен тілдер курсын оқып табысты аяқтаған алғашқы түлектеріне сертификаттарды табыстау болды. ҚР БҒМ жоспарына сай, жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерін дайындау қазіргі жалпы білім беретін мекемелердің оқытушыларының кәсіптік құзыреттіліктеріне сай келетін тілдік оқу-әдістемелік бағдарламаға сай жүргізілді. Оқытудың негізгі аспектісі ғылыми-жаратылыстану цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі мен пәнді кіріктіріп оқыту (СLIL) әдістемесі, шет тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдану, сабақ өткізуде коммуникативті   әдістемемен оқытатын, ағылшын тілін оқыту эксперттері ретінде дайындау болды. Бағдарлама Cambridge English Placement Test; ағылшын тілінің меңгеру деңгейін анықтау үшін халықаралық диагностикалық кіріс тестілеу мен 2 ай көлемінде тыңдаушылардың тілдік және кәсіптік құзыретттіліктерін арттыру үшін, шет ел мамандары мен тілдік кәсіптік тренерлерімен жұмыстанып, халықаралық Кембридждік емтихан TKT CLIL тапсырып, нәтижесінде халықаралық деңгейдегі  Cambridge English Language Assessment сертификаттаудан тұрды.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында осындай табысты сертификациядан өткен 4 маман облыс мектептерінде жұмысқа кірісіп жатыр. (Вукалова  Анна Владимировна –ВБМГ; Иманбаева Гульжан Темиргалиевна –Жаңақала ауданы, Жаңақала МГ; Султамуратова Гульайна Галимовна Шыңғырлау ауданы,  Л.Кылышев атындағы ЖОББМ; Утешева Айжан Уалихановна- №22 ЖОББМ)

Педагогикалық шеберлік Орталығының Орал қаласындағы филиалында осы мұғалімдерге салтанатты түрде сертификат табыстауға  филиал директоры, Тілдер мектебі  Консорциум өкілдері мен Облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі  А.О. Хамзина қатысты. 


Возврат к списку