Педагогикалық шеберлік орталығы

тему «Личностно-деятельностный подход как основа организации образовательного процесса»

Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 сәуір күні Тараз қаласы №41 Жетекші мектептің базасында облыс мұғалімдері үшін «Жеке-әрекеттік оқыту білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізі ретінде» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар мақсаты облыс мұғалімдерін мектеп педагогтарының жеке- әрекеттік оқытуды оқу үдерісіне ендіру тәжірибелерімен таныстыру, жеке-әрекеттік оқытуды қолданудағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге ықпал ету. Семинарға облыс мектептерінен 41, №41 Жетекші мектептен 11мұғалім қатысты.
Пленарлық бөлімде ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының аға менеджері Д.К.Бердибекова «Жеке-әрекеттік оқыту жеке және әрекеттік компоненттердің бірлігі ретінде», А.С.Пушкин атындағы көпсалалы гимназияның директоры Ж.М.Туребекова «Білім сапасы-мұғалім табысының кепілі» тақырыптарында баяндама жасады.
Семинардың тәжірибелік бөлімі 2 секция бойынша ұйымдастырылды. ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының тренерлері Д.К.Бердибекова, А.М.Нарегеева және А.Ш.Джурунова «Оқу үдерісінде жеке-әрекеттік оқытуды қолдану» тақырыбында тренинг өткізді. Одан әрі №41 Жетекші мектептің көшбасшы мұғалімдері Л.В.Цой мен В.А.Непша «Оқушылардың оқу белсенділігін көтерудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында шеберлік-сыныптарын көрсетті. Тәжірибелік бөлімнің соңында мектептің 5-7 сыныптарына сабақ беретін мұғалімдер жеке-әрекеттік оқытуды қолдану тәжірибесімен бөлісу мақсатында 6 сабақ көрсетті.
Семинардың қорытынды бөлімінде мұғалімдер сауалнама толтырып, өткізілген іс-шараға ауызша кері байланыс берді. Қатысушылар семинарда қаралған тақырыптың өзектілігімен тәжірибелік бағыттылығын және қолжетімділігін атап көрсетіп, жоғары баға берді.




Возврат к списку