Педагогикалық шеберлік орталығы

9 апреля 2018 года на базе Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления города Тараз состоялось торжественное вручение международных сертификатов по модулю TKT CLIL учителям, прошедшим четырехмесячные и пятимесячные курсы по коммуни

9 сәуір 2018 жылы Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ағылшын тілі оқытушыларының коммуникативтік әдістемесін жетілдіру үшін төртайлық және бесайлық курсынан өткен мұғалімдерге ТKT CLIL модулінің халықаралық үлгідегі сертификаты табыс етілді. Салтанатты жиынды ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының директоры Е.Кохаева ашып, 110 тыңдаушыға халықаралық үлгідегі сертификатты табыс етті. Аталған іс-шараға Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Т.Б. Байназаров, облыстық білім басқармасының әдіскері Б.К.Достаева және Мектептерде ағылшын тілін оқытудың Концорциум тілдік жобасының менеджері Ж.Н.Инкарбаева қатысты. Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары ұйымдастырушыларға алғыс айтты.


Возврат к списку