Педагогикалық шеберлік орталығы

Методическая поддержка педагогическим работникам Зыряновского района в условиях внедрения обновленного содержания образования

Методическая поддержка педагогическим работникам Зыряновского района в условиях внедрения обновленного содержания образования

2018 жылдың 3-4 қаңтары аралығында «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының білім беру бағдарламалары тренері, аға менеджер Е.А. Марченко Зырян ауданы педагог қызметкерлеріне жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында әдістемелік қолдау көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл іс-шараларға 135 мұғалім және 50 мектеп басшылары мен орныбасарлары қатысты.

         Тренингтер мен кездесу-кеңесулер келесі тақырыптарда өткізілді:

«Сабақтың сараланған мақсаттарын ескеріп оқу материалдарының мазмұнын таңдау. Критериалдық бағалау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу»;

«Тиімді жоспарлау үшін кері жобалау әдісін қолдану. Критериалдық бағалау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу»;

«Білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұнының аспектілері. Нормативтік-құқықтық қолдау»;

«1-ші, 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың қиындықтары. Мұғалімдерге әдістемелік қолдау».

Тренингтер мен кездесу-кеңесулерде мұғалімдер, мектеп басшылары және орынбасарлары теориялық білім мен тәжірибелік дағды ала алды. Сонымен қатар қалыптастырушы және жиынтық бағалауларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Қорытындысында Е.А. Марченко қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.





Возврат к списку