Педагогикалық шеберлік орталығы

«Көшбасшылық. Педагогика мәселелері» тақырыбында Кембридж университетінің Білім беру факультетінде тағылымдамадан өтіп келген қала, аудан мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының жоспарына сай 2019 жыл 8 қаңтарында «Көшбасшылық. Педагогика мәселелері» тақырыбында Кембридж университетінің Білім беру факультетінде тағылымдамадан өтіп келген қала, аудан мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Кембридж университетінің Білім беру факультетінде біліктілік арттыру тағылымдамасынан өткен 6 мұғалімнің іс-тәжірибелерімен бөлісу.

Күтілетін нәтижелер:

Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру мақсатында тағылымдамадан өткен 6 мұғалімнің рефлексиялық-педагогикалық тәсілдерін назарға ала отырып, өзге мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсетуге жұмылдыру;

Облыс мұғалімдерінің өз тәжірибелерін жақсарту үшін оларды, біліктілік арттыру тағылымдамасынан өткен 6 мұғалімнің қатысуымен онлайн кеңестер, вебинарлар ұйымдастыруды жоспарға алу.

Іс-шараның өзектілігі:

2012 жылдан бері Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Кембридж университетінің Білім беру факультетінің бірлесіп әзірлеген «Деңгейлік бағдарламалар» бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үдерісі басталған болатын. Еліміздің білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан жаңа реформаны жүзеге асырудың ықпалы артып келеді. Осы мақсатта, Атырау қаласы педагогикалық шеберлік орталығының директоры Нуржанова Аида Толеухановна 2016-2017 жылдары Кембридж университетінің Білім беру факультетінде «Педагогика мәселелері: Көшбасшылық, іс-әрекетті зерттеу» тақырыбындағы оқу бағдарламасымен 6 айлық тағылымдамадан өтті. А.Т.Нуржанова тағылымдамадан оралған сәтінде Облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың жеке қабылдауында болып, «Осы Кембридж университетінен Қазақстанның қарапайым ауыл мектептерінің мұғалімдері тәлім алып, өз көздерімен көрсе ғой...» деген ойымен бөліскен болатын. Міне, болашақты тәрбиелеу үшін мұғалім тәлімінің мықты болмағын ойлаған Облыс әкімі Н.А.Ноғаев жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсетіп, Атырау облысының 6 мұғалімі 2018 жылдың 8 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Кембридж университетінің Білім беру факультетінде біліктілік арттыру тағылымдамасынан өтті. Н.Естаева (Атырау қаласы Ы.Алтынсарин атындағы о/м), З.Нурышева (Атырау қаласы Ж.Қаражігітов атындағы №16 о/м), О.Орлова (Атырау қаласы Пушкин атындағы №20 о/м), А.Тасбулатова (Мақат ауданы Б.Қанатбаев атындағы о/м), Г.Куспановалардың (Мақат ауданы Б.Қанатбаев атындағы о/м), А.Қожантаевалардын (Махамбет ауданы Д.Төленов атындағы о/м) іс-тәжірибелерімен бөлісу, облыс көлеміне тарату өзге мұғалімдердің педагогикалық жұмысына серпін береді деген пікірдеміз.

Аталмыш семинарды ұйымдастыра отырып, Облыстағы мектеп мұғалімдерінің өзара ықпалдаса жұмыс істеулерін жолға қою мақсаты жүзеге аспақ.

 


Возврат к списку