Педагогикалық шеберлік орталығы

Семинар-совещание: «Организация учебно-воспитательного процесса общеобразовательных школ в условиях обновленного содержания образования»

Талдықорған қаласындағы ПШО филиал тренерлері 2015-2016 оқу жылынан бастап Алматы облыстық білім басқармасы және облыстық әдістемелік кабинеттердің ұйымдастырып өткізілген іс-шараларында жүйелі түрде әдістемелік көмек көрсетіп келеді.

Іс-шаралар жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруда білім бөлімі басшылары мен мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарының басшыларына, пән мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласында 2017 жылдың 03 қарашасында «Жалпы орта білім беретін мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері» атты тақырыпта облыстық семинар-кеңес өтті.

Бұл семинар-кеңеске 250-ден астам қалалық, аудандық білім бөлімінің басшылары, әдістемелік кабинет әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары және пән мұғалімдері қатысты.

Алматы қаласындағы ПШО филиал директоры Асубаев Берик Куттыбаевич өз сөзінде жаңартылған білім беру жағдайында мектеп директорларына қойылатын талаптары бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. Талдықорған қаласындағы ПШО филиал тренерлері Ошакбаева Аманкуль Алдибековна және Сатаев Медет Аманжолович критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру ерекшеліктерінің нақты негіздемелеріне тоқталып өтті. Тренер Сатаев М.А. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтардың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары арқылы жүзеге асыруға бағытталғанына баса назар аударды.  

         Семинар-кеңес қорытындысында қатысушылар осындай шаралар облыстың жергілікті аймақтарында ұымдастырлып өткізілу керектігі туралы қорытынды жасады. 


Возврат к списку