Педагогикалық шеберлік орталығы

6-27 апреля 2018 г. были проведены обучающие семинары для Назарбаев Интеллектуальной школы

Зияткерлік мектептің қырықтан астам педагогтері Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласындағы филиалы тренерлерімен бірге оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту ерекшеліктерін талдады, тайм-менеджмент стратегиялары арқылы өз уақыттарын басқарып үйренді.

Семинардың мақсаты – қатысушыларға оқушылар көшбасшылығын анықтау және дамыту, жұмыс  уақытын және өзін-өзі ұйымдастыру, тайм-менеджмент технологиялары бойынша ақпарат ұсыну және көшбасшылықты анықтау әдістемесі мен тайм-менеджмент техникаларын тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру.

Жұмыс барысында семинарға қатысушылар тест арқылы уақытты тиімді пайдалану дағдыларын бағалады, көшбасшылық түрлерімен және оларды анықтау әдістемелерімен, уақыт «жайпауыштарымен» және тайм-менеджмент қағидаттарымен, уақытты тиімді пайлану техникаларымен танысты. Сонымен қатар тыңдаушылар кәсіби қызметтерін жоспарлап, басымдықтарды дұрыс белгілеп, негізгі және жанама істерді жіктеп, оларды орындау құқығын басқаларға жүктеуді үйренді.

Педагогтердің көшбасшылық ұғымын өздеріне қатысты ғана емес, оқушылардың мақсатқа  қол жеткізу және қызмет тиімділігін арттыру үшін  уақытты анағұрлым тиімді пайдалана алулары үшін олардың бойында  сол қасиеттер мен дағдыларды дамыту тұрғысынан қарағаны маңызды болды.

Возврат к списку