Педагогикалық шеберлік орталығы

Пилотная школа делится опытом с учителями первых классов Ведущих школ

2017 жылдың 11 қаңтар күні облыстық білім басқармасының қолдауымен Ақтөбе қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен облысты Жетекші мектептердің бірінші класс мұғалімдеріне арналған бір күндік семинар-практикум өткізілді.

           Семинар-практикумның тақырыбы: «Білім мазмұнын жаңарту – тәжірибе және даму болашағы». Семинар-практикумның мақсаты – кәсіби қауымдастықтар арасында жаңартылған мазмұн жағдайындағы пилоттық мектептердің бастауыш класс мұғалімдерінің тәжірибесін тарату.

          Жанақоныс ауылындағы Новый орта мектебі базасында ұйымдастырылған семинарға жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жүргізетін 100-ден аса мұғалім қатысты. Семинар қатысушылардың қызығушылығын туындатқан бірінші мәселе, ол тақырыбы екіншіден, Новый орта мектебінің жаңартылған білім мазмұны аясында оқу бағдарламасын пилоттық мектеп ретінде сынақтан өткізуі, ондағы жаңа мазмұн бойынша жинақталған тәжірибелердің сан алуандығы болып табылады.

Семинарға қатысушылар сындарлы оқыту стратегиялары мен әдістерін тиімді қолдану, пәндерді кіріктіру, командалық оқыту тәсілдерін қолдануға бағытталған 12 сабаққа қатысты. Өткізілген сабақтар бойынша талқылауға Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері модератор болды. Сабаққа қатысқан мұғалімдер жаңа форматты сабақты жоспарлаудың логикасын көре білді, және де өз жұмыстарын жақсартуға тиімді, кұнды идеялар алды.

Семинар аясында критериалды бағалауды қолдану мәселелері де талқыланды. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері мұғалімдер тәжірибесіндегі қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмалары мен дескрипторларын құрастыру, электронды журналды толтыру, қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдану барысында туындаған сұрақтар бойынша кеңес берді.

           Семинар мазмұны бұқаралық ақпарат
құралдар арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Семинар соңында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының
директоры «Қазақстан-Ақтөбе» каналына «Из первых рук» бағдарламасына шақырылып,
жаңартылған мазмұн жағдайында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының қызмет
аясы мен өткізілген шаралар мазмұнына тоқталды.

Возврат к списку