Педагогикалық шеберлік орталығы

Мобильная поддержка пилотных школ в рамках обновления содержания образования

2018 жылдың 10 желтоқсан күні жаңартылған білім беру мазмұны мен педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша Әдістемелік Орталықтың жоспарына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту сапасын талдау және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында пилоттық мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында ФМБ НЗМ директорының орынбасарлары Алтынбеков А.С. және Исмагамбетова Ж.С., мұғалімдері Канапов К.Б., Биятов Р.Г., Жаксылыкова Г.К., Сармолдина Д.С., Сатиев А.К., Сатиева С.С., Тиржанова Ж.Д., Усманова Л.Н., Кожахметов М.Б., Швайбович Т.Н., Едрисов Е.К. және Көкшетау қаласындағы ПШО тренерлері Рахымжанова Б.К., Пазылова Г.Ш., Журба Л.В., Мусина А.Д., Смаилова М.И. қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

Семинардың бірінші бөлімінде Бұланды ауданы Никольская ОМ 55 мұғалімдері мен Бұланды ауданы жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары және Степногорск қаласы №5 мектеп-лицейінің 40 мұғалімдері үшін пилоттық мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу және талқылау барысында тиімді кері байланыс ұсыну ұйымдастырылды. Мұғалімдер жаңартылған бағдарламаның идеяларын іске асыруда сәтті тұстарымен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сабақты бақылау қорытындысы бойынша әр мұғаліммен жеке кәсіби әңгімелесу жүргізілді.

Бұланды ауданы білім бөлімінің сұранысы бойынша Исмагамбетова Ж.С. және Тиржанова Ж.Д. директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнмәтінінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәрбие жұмысының жоспарлануы, «Шаңырақ» мектеп қауымдастықтарының құрылуы, «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу жобасы жайында мазмұнын таныстыру презентация жүргізіп, «Оқу сағаты» шебер-сыныбын өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімдері үшін ПШО тренерлері Рахымжанова Б.К., Пазылова Г.Ш., Журба Л.В., Мусина А.Д., Смаилова М.И «Бастауыш мектеп сабақтарында ойлау мәдениетін қалыптастыру», «Мұғалім тәжірибесіндегі рефлексия құралдары» семинарын, «Гуманитарлық пәндерде бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдысын дамыту» шебер-сыныбын өткізді.

Семинар соңында Алтынбеков А.С. оқушылардың академиялық адалдығының жүзеге асуын ескере отырып, тоқсандық жиынтық бағалау үдерісін оңтайландырып ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Семинар қатысушылары өткізілген іс-шаралардың өзектілігі мен әдістемелік көмек көрсетілгенін айтып, Новоникольская ОМ және Степногорск қ. №5 МЛ әкімшілігі мен ұжымдарына іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін ризашылықтарын білдірді.


Возврат к списку