Педагогикалық шеберлік орталығы

Сотрудничество продолжается

2018 жылдың 5-19 қараша аралығында Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы  Назарбаев Зияткерлік мектебі және Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе НЗМ базасында облыстың Жетекші және серіктес мектептердің басшылары мен үйлестірушілері үшін бірқатар семинарлар өткізді. Іс-шараның мақсаты – НЗМ жұмыс тәжірибесін тарату. Облысымыздың 112 мектеп басшысы, 56 Жетекші мектеп үйлестірушілері Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері өткізген 240 сабақтарына қатысты. НЗМ мұғалімдері өз сабақтарында оқытудың жаңа тәсілдері, бағалау түрлерін, саралау тәсілдерін қолдану тәжірибесімен таныстырып, тиімді кері байланыс ұсынуға қатысты тәжірибе алмасу болды.

Семинарға қатысушылар Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбие іс-шараларын да бақылап, талдауға мүмкіндік алды.

ПШО тренерлерінің өткізген «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында Жетекші мектеп қызметін жобалау» атты тренинг-практикумы аясында қатысушылар «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартуды қолдауды мектеп қызметінде ұйымдастыру туралы» нұсқаулық хаттың мазмұны мен хатта көрсетілген ұсыныстарға сәйкес Жетекші мектептердің қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Семинар қатысушылары Жетекші және серіктес  мектептерге жаңартылған бағдарламаны енгізуге ықпал ететін Жетекші мектептердің мықты және әлсіз жақтарын бағалап, ішкі және сыртқы факторларына талдау жасады, мектептердің перспективалық жоспарларын әзірледі.

Семинар соңында директордың бейінді-эксперименттік жұмысы бойынша орынбасары А.С.Алтынбеков тоқсандық жиынтық бағалау жұмысын тиімді ұйымдастыру мен өткізуде қатысты ұсыныстар беріліп, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Семинар қатысушылары ЖББ енгізу және Жетекші мектептердің серіктес мектептермен жұмысын жүйелеуге қатысты маңызды сұрақтарына жауап алды, өткізілген іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Возврат к списку