Педагогикалық шеберлік орталығы

Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде 1,2,5,7 сыныптарды оқыту ерекшеліктері

2017 жылдың 15 қараша күні Алматы қаласының қ. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде 1,2,5,7 сыныптарды оқыту ерекшеліктері» тақырыбында Алматы қаласының жетекші мектептеріне арналған қалалық оқыту семинарын өткізді. Семинарға қалалық 18 жетекші мектептердің басшылары мен үйлестірушілері және  пән мұғалімдері қатысты.

Семинар мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру мақсатында Жетекші мектептердің ролін анықтау және орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы жоспарлау мен бағалау.

Семинар барысында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы критериалды бағалауды жоспарлау және оны жүзеге асырудағы нормативтік құжаттарды талқыланды. Бағалау жөніндегі үйлестірушілер мұғалімдердің пән бойынша қалыптастырушы бағалау жинақтарын пайдалануы және оқушыға тиімді кері байланыс беруі оқушының жиынтық бағалаудағы жақсы көрсеткіштерге жететінін айтты.

Сонымен қатар жетекші мектептердің негізгі жұмыс бағыттары талқыланып, білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында олардың магниттік мектептермен қоғамдастық құрып, оқыту коучингтері мен мен семинарлар жүргізу қарастырылды.

Семинар соңындағы  ұсыныстар:

·         Мектептерде қосымша критериалды бағалау жөніндегі үйлестірушілерді оқыту (бастауыш сынып және жоғарғы сынып үйлестірушілері);

·         Мұғалімдердің АКТ құзырлығын арттыру;

·         Жоспарлау, бағалау тақырыптарына жиі семинарлар өткізу.


Возврат к списку