Педагогикалық шеберлік орталығы

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында өткен мектеп басшыларының форумы

   Алматы облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 19 мамырында «Табысты басшы» жоба аясында заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларына кәсіби қолдау көрсету мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы ДББҰ Алматы қаласы филиалы, Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамы филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, бірлесіп, «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында мектеп басшыларының форумын өткізді. Фото №1,2

     

1.jpg

2.jpg

  Аталған шараға 155 жалпы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Форумның пленарлық жиынын облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары М.Т.Омарова (Фото №1,2) өзінің құттықтау сөзімен ашты.Форумның пленарлық мәжілісінде «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамы филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Валиева, Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласы филиалының аға менеджері Ғ.Толықбаева, Ақсу ауданы Е.Сиқымов атындағы орта мектептің директоры, директорлар кеңесінің мүшесі Р.Ибраимова, Талдықорған қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры Б.Омаров және Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тонерекова өз тәжірибелерін ортаға салды. (Фото №3-6)

3.jpg   

15.jpg

5.jpg

6.jpg

   Ал тәжірибе алаңында дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей, гимназиялар мен орта мектеп гимназия, лицейлері директорларына арналған «Білім сапасын арттыру факторы ретінде мамандандырылған білім беру ұйымындағы инновациялар», жаңадан тағайындалған мектеп директорларына арналған «Жаһандану жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту», қала мектептері директорларына арналған «Білім мазмұнын жүзеге асырудағы жаңа амалдар», шағын шинақты мектеп директорларына арналған «Шағын жинақталған мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» және ауыл мектептері директорларына арналған «Ауыл мектептеріндегі білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы және келешегі» тақырыптарында секция жұмыстары жүргізіліп, арнайы мобильді стендте әзірленген 34 жұмыс қорғалды. Сертификатталған мектеп басшылары өз жұмыстарында директордың біліктілігін арттыру стандарттары негізінде мектеп дамуын жоспарлау, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы инновациялық қызмет, тәлімгерлікке негізделген қоғамдастық жұмысы, мектепті басқару жүйесінде іс-әрекетті зерттеудің тиімділігі, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» «100 ән,100 кітап» жобасын жүзеге асыру жайлы өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғады. Төменде ҚР мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсы бойынша сертификатталған мектеп басшыларының жүргізген коучингтерінен көрініс ұсынылады. Фото №7-8

7.jpg

8.jpg


  Форум жұмысының нәтижесінде өзекті мәселелерді талқылай келе: жалпы білім беру ұйымдары басшылары: үздіксіз кәсіби даму мәдениетін жетілдіру, білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу нәтижесін арттыру үшін педагогтардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, мектепті инновациялық басқаруда бөлінген көшбасшылық идеясын жүзеге асыру, жеке тұлғалық-кәсіби ахуалға ықпал ететін жағымды жұмыс ортасын құру; ауыл мектептерін қалалық мектептерге жақындастыру мақсатында «Серіктестік алаңы» акциясына тарту; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның патриоттық тәрбиеге, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған "Шаңырақ" әлеуметтік жобасының тәжірибесін мектептерге енгізуді жалғастыру; шағын жинақты мектептерде педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдау, сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз етуде кәсіби қоғамдастықта жүйелі жұмыстар жүргізу; жаңа оқу жылынан бастап сертификатталған мектеп директорларының тәжірибеге өзгеріс енгізудегі іс-әрекетін бағалау үшін зерделеу жүргізу сияқты нақты ұсыныстар қабылданды. Шағын жинақты мектеп басшыларының тәжірибе алаңынан көріністерді №9-10 фотодан көруге болады. 

9.jpg

10.jpg

Қорытындылай келе, бұл форум мектеп басшыларына жаңа білім беру мазмұны аясында көшбасшылық пен басқару, стратегиялық жоспарлау, үш тілде білім беруді кезең-кезеңмен жүзеге асыруда мектептің инновациялық қызметін жетілдіру, мектепті инновациялық басқаруда озық педагогикалық идеялар мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ үздік тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге енгізу, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үдерісінде жүзеге асыру сияқты өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға үлкен ықпалын тигізді. Болашақта осы бағытта «Табысты басшы» жобасы аясында мектеп басшыларымен жүргізілетін жұмыстар өз жалғасын табады. Форум соңында Алматы облысы білім басқармасының әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Қабдұлова үздік тәжірибе көрсеткен мектеп басшыларын марапаттады.

11.jpg  

12.jpg


Возврат к списку