Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

«Көшбасшылық. Педагогика мәселелері»  тақырыбында Кембридж университетінің Білім беру факультетінде тағылымдамадан өтіп келген қала, аудан мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
«Көшбасшылық. Педагогика мәселелері» тақырыбында Кембридж университетінің Білім беру факультетінде тағылымдамадан өтіп келген қала, аудан мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының жоспарына сай 2019 жыл 8 қаңтарында «Көшбасшылық. Педагогика мәселелері» тақырыбында Кембридж университетінің Білім беру факультетінде тағылымдамадан өтіп келген қала, аудан мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Кембридж университетінің Білім беру факультетінде біліктілік арттыру тағылымдамасынан өткен 6 мұғалімнің іс-тәжірибелерімен бөлісу.

Күтілетін нәтижелер:

Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру мақсатында тағылымдамадан өткен 6 мұғалімнің рефлексиялық-педагогикалық тәсілдерін назарға ала отырып, өзге мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсетуге жұмылдыру;

Облыс мұғалімдерінің өз тәжірибелерін жақсарту үшін оларды, біліктілік арттыру тағылымдамасынан өткен 6 мұғалімнің қатысуымен онлайн кеңестер, вебинарлар ұйымдастыруды жоспарға алу.

Іс-шараның өзектілігі:

2012 жылдан бері Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Кембридж университетінің Білім беру факультетінің бірлесіп әзірлеген «Деңгейлік бағдарламалар» бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үдерісі басталған болатын. Еліміздің білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан жаңа реформаны жүзеге асырудың ықпалы артып келеді. Осы мақсатта, Атырау қаласы педагогикалық шеберлік орталығының директоры Нуржанова Аида Толеухановна 2016-2017 жылдары Кембридж университетінің Білім беру факультетінде «Педагогика мәселелері: Көшбасшылық, іс-әрекетті зерттеу» тақырыбындағы оқу бағдарламасымен 6 айлық тағылымдамадан өтті. А.Т.Нуржанова тағылымдамадан оралған сәтінде Облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың жеке қабылдауында болып, «Осы Кембридж университетінен Қазақстанның қарапайым ауыл мектептерінің мұғалімдері тәлім алып, өз көздерімен көрсе ғой...» деген ойымен бөліскен болатын. Міне, болашақты тәрбиелеу үшін мұғалім тәлімінің мықты болмағын ойлаған Облыс әкімі Н.А.Ноғаев жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсетіп, Атырау облысының 6 мұғалімі 2018 жылдың 8 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Кембридж университетінің Білім беру факультетінде біліктілік арттыру тағылымдамасынан өтті. Н.Естаева (Атырау қаласы Ы.Алтынсарин атындағы о/м), З.Нурышева (Атырау қаласы Ж.Қаражігітов атындағы №16 о/м), О.Орлова (Атырау қаласы Пушкин атындағы №20 о/м), А.Тасбулатова (Мақат ауданы Б.Қанатбаев атындағы о/м), Г.Куспановалардың (Мақат ауданы Б.Қанатбаев атындағы о/м), А.Қожантаевалардын (Махамбет ауданы Д.Төленов атындағы о/м) іс-тәжірибелерімен бөлісу, облыс көлеміне тарату өзге мұғалімдердің педагогикалық жұмысына серпін береді деген пікірдеміз.

Аталмыш семинарды ұйымдастыра отырып, Облыстағы мектеп мұғалімдерінің өзара ықпалдаса жұмыс істеулерін жолға қою мақсаты жүзеге аспақ.

 

«Жаңартылған білім беру мазмұны: тиімді жоспарлау және тәжірибе» тақырыбында курстан кейінгі қолдау семинары
«Жаңартылған білім беру мазмұны: тиімді жоспарлау және тәжірибе» тақырыбында курстан кейінгі қолдау семинары

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нің Атырау қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы мен Атырау қалалық білім беру бөлімінің біріккен жоспарына сай Атырау қаласы №6 Мөңкеұлы атындағы орта мектепте 2018 жылдың 14 желтоқсанында «Жаңартылған білім беру мазмұны: тиімді жоспарлау және тәжірибе» тақырыбында курстан кейінгі қолдау семинары өтті. Семинар жұмысына Атырау қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» директоры А.Т.Нуржанова мен орталықтың аға менеджерлері М.М.Телеубаев пен Н.М.Есбосыновтар қатысты.

Атырау қалалық №6 Мөңкеұлы атындағы орта мектебі жетекші мектеп санатында бекітіліп, өз аймағына қарасты бекітілген 13 серіктес мектепке әдістемелік қолдау көрсетіп келеді.

Семинардың алғысөзінде «Педагогикалық шеберлік орталығының» директоры А.Т.Нуржанова: «Жетекші мектептердің серіктес мектептерге тиімді әдістемелік қолдау көрсетуі үшін қажетті кадрлық және әдістемелік ресурстардың болуының маңыздылығы туралы және «Каскадты оқыту бірлесіп қабылдаған шешімінен басталады. Жетекші мектептердегі басқару жүйесінде ынтымақтасқан орта демек, коллаборативті орта қалыптасуы басты шарттылық. Мұғалімдердің кәсіби әлеуетінің оңтайлы қолданылуы және мектептің жетістігі мен мүдделеріне бағынуы жинақталған тәжірибені тұрақты түрде жалпылау және тәжірибе алмасудың бекітілгенін белгілейді. Біз өзіндік кәсіби дамуымызда  өз шеберлік деңгейіміздің  қаншалықты екенін саралай білуіміз қажет, соның арқасында тәжірибе жинақтап, өзгеруіміз керек» - деген ұғымдарға аса мән берудің қажеттілігі жөнінде сөз етті. Жалпы білім беретін орта мектептерде каскадты оқытудың басты нысаны – мұғалімнің кәсіби дамуын ықпалдастыру екені жөнінде және жетекші мектеп тренерлерінің серіктес мектептермен жұмысын жандандырудың қажеттілігін баяндады.

Семинарға Атырау қаласы №6 Мөңкеұлы атындағы орта мектебіне бекітілген серіктес мектептердің мұғалімдері белсене атсалысты.   Сондай-ақ жетекші мектептер серіктес мектептерді «қамқорлықтарына» алуына, және жетекші мектептер мектеп көшбасшыларына практикалық семинарлар мен, шеберлік сағаттарын өткізіп, сабақты жоспарлауға және бақылауға үйретуге, және Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеуді өткізу барысында кеңес беруге, оқыту іс-шараларын өткізуге, тиімді кері байланыс беруге мүмкіндіктері бар екендігі жөнінде кеңес-сұхбат жүргізді.

Орталықтың аға менеджері М.М.Телеубаев пен Н.М.Есбосыновтар №6 Мөңкеұлы атындағы орта мектептің мұғалімдері А.Бахтыгожинаның (математика), М.Жұмабаеваның (жаратылыстану), Н.Түсіпова (қазақстан тарихы), А.Жұмағалиеваның (алгебра), А.Қабасованың (әдебиеттік оқу), А.Ажимованың (орыс тілі), Г.Жауыр мен Н.Баймурзиевалардың (сауат ашу), Г.Ихуанованың (қазақ әдебиеті), Г.Темірғалиеваның (қазақ тілі) өткізген сабақтары мен оны жоспарлауы туралы кәсіби әңгіме жүргізді. Жүргізілген сабақ бойынша талдаулар жүрді. Сабақты талдау кезінде мұғалімдер өздеріне берілген карталар бойынша сабақта сәтті болған жерлері мен оқушының ойлау дағдысын дамыту үшін жасалған іс-әрекететтер, қалыптастырушы бағалау үшін жасалған критерийлердің дұрыстығы туралы айтып, басқа қатынасушылар болып «сабақты зерттеу дұрыс жүрді ме, жоқ па?» деген тақырыпта пікір алмасып, сұхбаттасты.

«Тиімді сабақ: Жоспарлау. Іс-әрекетті зерттеу. Рефлексия» тақырыбында Индер аудандық мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау көрсету
«Тиімді сабақ: Жоспарлау. Іс-әрекетті зерттеу. Рефлексия» тақырыбында Индер аудандық мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау көрсету

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жоспарына сай Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 2018 жылдың 12 желтоқсанында «Тиімді сабақ: Жоспарлау. Іс-әрекетті зерттеу. Рефлексия» тақырыбында курстан кейінгі қолдау семинары өтті. Семинарға Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры А.Т.Нуржанова мен орталықтың аға менеджерлері М.М.Телеубаев пен А.С.Тажигалиевалар қатысты.

Орталық директоры А.Т.Нуржанова Жалпы білім беретін орта мектептерде каскадты оқытудың басты нысаны – мұғалімнің кәсіби дамуын ықпалдастыру екені жөнінде және жетекші мектеп тренерлерінің серіктес мектептермен жұмысын жандандырудың қажеттілігін баяндады. Сондай-ақ жетекші мектептер серіктес мектептерді «қамқорлықтарына» алуына, және жетекші мектептер мектеп көшбасшыларына практикалық семинарлар мен, шеберлік сағаттарын өткізіп, сабақты жоспарлауға және бақылауға үйретуге, және Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеуді өткізу барысында кеңес беруге, оқыту іс-шараларын өткізуге, тиімді кері байланыс беруге мүмкіндіктері бар екендігі жөнінде кеңес-сұхбат жүргізді.

Семинар қатынасушыларына құрылымдалған сабақты бақылау картасы таратылып, мектеп тренерлерін әр топқа қосылып, екі топқа бөлініп, сабақтарға қатынасты. Жүргізілген сабақ бойынша талдаулар жүрді. Сабақты талдау кезінде мұғалімдер өздеріне берілген карталар бойынша сабақта сәтті болған жерлері мен оқушының ойлау дағдысын дамыту үшін жасалған іс-әрекететтер, қалыптастырушы бағалау үшін жасалған критерийлердің дұрыстығы туралы айтып, басқа қатынасушылар болып «сабақты зерттеу дұрыс жүрді ме, жоқ па?» сол туралы пікір алмасты, сұхбаттасты, қатынасушылар сабақ өткізген мұғалімдерді кәсіби әңгімеге тарту мақсатында сұрақтар қойды. «Тәжірибедегі рефлексия» тренерлік курсын бітірген Ж.Қорғанбаева мен С.Мусабековалар коучинг жүргізу арқылы «Сыншы дос» қызметінің үлгісін берді. Орталықтың аға менеджерлері М.М.Телеубаев пен А.С.Тажигалиевалар семинарға қатынасқан мұғалімдермен «Бала арасы» әдісі бойынша кері байланыс жасады. Семинарға қатынасушылар сабақты зерттеу және оқушыны зерттеу жолдарын, кәсіби әңгімеге түсу, сұхбаттасу, сабаққа кері байланыс беру, оған қойылатын сұрақтар туралы, сыншы дос туралы түсініктерін кеңейтті. Бақылау карталарының түрлері мен сабақ құрылымына талдау жасауды практикалық тұрғыда біліп кетті.

«Тиімді сабақ: Жоспарлау. Іс-әрекетті зерттеу, Рефлексия» тақырыбында семинар өтті
«Тиімді сабақ: Жоспарлау. Іс-әрекетті зерттеу, Рефлексия» тақырыбында семинар өтті

«Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жоспарына орай 
12 желтоқсан күні «Тиімді сабақ:Жоспарлау.Іс-әрекетті зерттеу.Рефлексия»тақырыбы бойынша Қазақстан республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасынан өткен «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» және «Тәжірибедегі рефлексия» курсынан өткен мектеп тренерлері мен мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау мақсатында кездесу өткізілді.
Мақсаты:аталған курстан өтушілерге өз көшбасшылығымен жаңартылған бағдарлама аясындағы жоспарлау, әрекетті зерттеу оқыту проблемаларын анықтау .Оны шешу жолдары үшін коучинг ұйымдастыру.
Нәтиже:Жаңартылған бағдарлама оқыту үдерісіне сәйкес келетін тиімді сабақ жоспарлау бағытында іс әрекетті зерттеудің дағдыларын қалыптастырады.
Қалай жүзеге асырылды:
Тірек мектептері Қосшағыл селосындағы №2 .ЖББОМ және Құлсары қаласындағы №1 мектептерге өз ресурстық мектептерімен Педагогикалық Қоғамдастық аясында жұмыс жасауына Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы аға менеджерлері Сапарова.А.К және Есбосынов Н.М ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
1.Жаңартылған бағдарламаға сәйкес сабақ үлгілерін көрсетті.

Сабақтар жоспарға сай белсенді әдістер мақсатқа ойластырылған.

2.зерттеу топтары сабақ үстінде бақылау деректерін жинады.

Айта кету керек мектептің фокус тобынан сабақты зерттеу деректерін жинау үшін зерттеуші топ жұмыс жасады.Нәтижесінде сабақтың құрылымдық картасы,бейне эпизодтар,талдау картасы сызбалары дайындалды.
3.Сабақтан кейін көшбасшы мұғалімдер жиналған сабақ деректерімен «менторлық» бойынша кәсіби әңгіме өткізді.
4.кәсіби сұхбат жүргізіліп тиімді сабақ жоспарын құру және оқытуды бақылаудағы кедергілер анықталды.Бұл мектепте мақсатқа қатысты оқушылар мақсатты толық меңгеріп отырғанын қалай саралайтыны туралы,қалыптастырушы бағалауды қалай жоспарлағаны туралы мәселелер кәсіби әңгіменің тақырыбы болды.
5.«Тапсырманы саралаудың маңызы?»тақырыбында
Коучинг жүргізілді.
6.Тірек мектептері көшбасшыларымен жұмыс бағыттарын жоспарлауға дөңгелек үстел өткізілді.

Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде пилоттық мектептерге мобильді қолдау
Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде пилоттық мектептерге мобильді қолдау

2018 жылдың 10 желтоқсан күні жаңартылған білім беру мазмұны мен педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша Әдістемелік Орталықтың жоспарына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту сапасын талдау және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында пилоттық мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында ФМБ НЗМ директорының орынбасарлары Алтынбеков А.С. және Исмагамбетова Ж.С., мұғалімдері Канапов К.Б., Биятов Р.Г., Жаксылыкова Г.К., Сармолдина Д.С., Сатиев А.К., Сатиева С.С., Тиржанова Ж.Д., Усманова Л.Н., Кожахметов М.Б., Швайбович Т.Н., Едрисов Е.К. және Көкшетау қаласындағы ПШО тренерлері Рахымжанова Б.К., Пазылова Г.Ш., Журба Л.В., Мусина А.Д., Смаилова М.И. қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

Облыстағы жетекші мектептердің әдістемелік басқосуы – кәсібилікке үлес кепілі
Облыстағы жетекші мектептердің әдістемелік басқосуы – кәсібилікке үлес кепілі

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмыс жоспарына сай, 2018 жылдың 4 желтоқсан күні «Жалпы орта мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламалары бойынша тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбындағы Облыстағы жетекші мектептердің әдістемелік семинары болып өтті.

Семинар мақсаты - Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету. Облыс мұғалімдерінің өз тәжірибелерін жақсарту үшін оларды педагогикалық тәсілдермен таныстыру, озық тәжірибелерімен бөлісу.

Күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде педагогикалық тәсілдермен: тиімді сабақ жоспарлау, критериалды бағалау, кері байланыс, рефлексия арқылы сабақты жетілдіру мазмұны туралы тәжірибелермен танысады, түсінеді.

Пленарлық мәжілісте Атырау қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры А.Т.Айтпукешев, облыстық білім беру басқармасының басшысы Қ.Р.Кенжеғалиев және Атырау қаласы педагогикалық шеберлік орталығының директоры А.Т.Нуржанова баяндама жасады.

Практикалық жұмыстар бойынша «Пәндер арасында көлденең жоспарлау» тақырыбымен НЗМ пән мұғалімдері А.Т.Каменова, З.А.Айшуақова, А.М.Арыстанова, Д.С.Бурханова, А.Б.Тулешова, Г.С.Бейсенбековалар практикум-сабақтар жүргізді.

Облыстағы жетекші мектептердің әдістемелік семинар жұмысы бес алаңда жұмыс жасады. Жұмыс тақырыптары: «Оқу-тәрбие үрдісіндегі отбасы мен мектеп ынтымақтастығының ролі», «Математика пәнінің оқу бағдарламалары бойынша тапсырмаларды әзірлеу», «Информатика пәнінің оқу бағдарламалары бойынша тапсырмаларды әзірлеу», «Биология пәні мұғалімдерін тілдік интеграциялануға оқыту (CLIL)» «Мектеп кітапханашыларына әдістемелік жоспарларын әзірлеу». Мұғалімдер өз тәжірибелік жұмыстарын жүргізу арқылы өздерінің іскерлік дағдыларын, білімдерін, кәсіби шеберліктерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар жұмысында оқушыларға жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламаларын сапалы меңгерту, білім   берудің басым мақсаттарының бірі ретінде - мектеп   оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға   баса назар аудару, оқыту мен тәрбиелеуде әлемдік технологияларды оқып- үйрену, оны оқыту үрдісінде кеңінен қолдану, критериалды бағалау жүйесін баланың оқуға қызығушылығы мен өзін-өзі реттей алуға бағыттауды басты назарда ұстап, тәжірибеге тиімді енгізу проблемалары қамтылды.

Ынтымақтастық жалғасуда
Ынтымақтастық жалғасуда
2018 жылдың 5-19 қараша аралығында Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы  Назарбаев Зияткерлік мектебі және Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе НЗМ базасында облыстың Жетекші және серіктес мектептердің басшылары мен үйлестірушілері үшін бірқатар семинарлар өткізді.

Новости 1 - 7 из 170 Начало Конец